2015 жылғы 15 қыркүйек, Астана қаласы «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 20) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10046 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Қ.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі №482 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №548 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі* р/с № Атауы 1. Тауарлар: 1.1. автокөлік құралдары 1.2. тікұшақтар 1.3. серверлік, телекоммуникациялық жабдықтар (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) 1.4. жұмыс станциялары, моноблоктар (тиісті қаржы жылына арналған республика-лық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) 1.5. лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер) (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) 1.6. жиһаз (тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) 2. Жұмыстар: 2.1. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялау 2.2. бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық ка-питалдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республика-лық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау 3. Көрсетілетін кызметтер: 3.1. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту 3.2. бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республика-лық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту 3.3. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әкімшілендіру (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) 3.4. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, техникалық қызмет көрсету және аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) 3.5. орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, полиграфиялық кызметтер және баспа өнiмдерін өндіру (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) 3.6. лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) Ескертпе: *мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады. ** жоғарғы бюджеттермен төменгі құрылым бюджеттеріне берілетін, дамытуға арналған мақсатты трансфертді қоспағанда тапсырыс берушілермен белгіленген тұлғалардан (мекемелер және олардың аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік ведомстволық бағынысты ұйымдар) тәуелсіз, орталық және басқа да орталық мемлекеттік атқарушы органдары әкімші болып табылатынмемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру 2.1 және 3.1 тармақтарында көрсетілген, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша біріңғай ұйымдастырушымен жүзеге асырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12168 болып енгізілді.
Экономика • 13 Тамыз, 2016
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №482
Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02
«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?
Әдебиет • Бүгін, 12:48
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Президент • Бүгін, 12:37
Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды: Кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:30
Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына 5 млрд доллардан астам қаржы салды
Үкімет • Бүгін, 12:28
Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген 20 адам жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 12:23
Ақордада Сербия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Президент • Бүгін, 12:02
Серік Жұманғарин: Еліміздің ІЖӨ мөлшері 300 млрд доллардан асты
Үкімет • Бүгін, 11:55
Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді
Табиғат • Бүгін, 11:40
10 млн доллар: «Синалоа» серкелерін ұстауға көмектескен жанға сыйақы беріледі
Әлем • Бүгін, 11:36
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:26
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?
Қоғам • Бүгін, 11:12
Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 11:09
«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Референдум • Бүгін, 10:55